Колледж тарихнамасы
1963 жылы 7 тамызда Батыс Қазақстан өлкелік кәсіптік-техникалық білім беру басқармасының №87 бұйрығымен №196 Ойыл ауылшаруашылығын механикаландыру училищесі құрылған. Оқу 1963 жылы 27 қыркүйекте басталды. Училище ашылған кезде бір жылдық, екі жылдық мерзімді шопан-механизатор, механикаландырылған мал фермаларының механизаторы мамандарын даярлаған. Шопан-механизатор бөліміне алғашында 26 оқушы қабылданған.
Училище 1973 жылы Қазақ ССР Министрлер Советінің председателі Б. Әшімовтың 1973 жылы 22 мамырдағы №317-Р өкімімен орта білім және мамандық беретін үш жылдық мерзімді оқу орнына айналып, №196 Ойыл селолық орта кәсіптік-техникалық училищесі болып қайта құрылды. Үш жылдық кең көлемді тракторист-машинист, кең көлемді құрылыс шебері, кіші мал дәрігері, газбен және электрмен дәнекерлеуші мамандарын даярлады.
Қазақ ССР Мемлекеттік кәсіптік-техникалық білім беру комитетінің 1984 жылы 13 тамыздағы №220 және Ақтөбе облыстық кәсіптік-техникалық Білім беру басқармасының 1984 жылы 31 тамыздағы №194-к бұйрықтары негізінде №196 Ойыл селолық орта кәсіптік-техникалық училищесі - №22 Ойыл Орта кәсіптік-техникалық училищесі болып атауы өзгерген.
Үш жылдық кең көлемді тракторист-машинист, кең көлемді құрылыс шебері, газбен және электрмен дәнекерлеуші, тігінші, аспазшы, сонымен қатар қысқа мерзімді 8 айлық тракторист-машинист, кіші есепші,құрылысшы, үш айлық К-700, К-701 тракторларын жүргізуші, «ВС» категориялы автокөлік жүргізушісі, комбайнер мамандарды даярлады.
Ақтөбе облысы әкімінің 1995 жылғы 19.04. №63 қаулысымен және Ақтөбе облыстық білім басқармасының 1995 жылғы 23.02. №1-1 алқа мәжілісінің шешімімен №22 Ойыл орта кәсіптік-техникалық училищесінің базасында ауылшаруашылығы лицейі ашылып, лицей мәртебесі берілді және №2 Ойыл жоғары кәсіптік училищесі болып аталды.
1995-1996 оқу жылынан бастап жоғары кәсіптік училищесінің оқу бағдарламасына сәйкес №1-1 алқа мәжілісінің шешімімен №22 Ойыл орта кәсіптік-техникалық училищесінің базасында ауылшаруашылығы лицейі ашылып, лицей мәртебесі берілді. Сол кезден бастап №2 Ойыл жоғары кәсіптік училищесі болып аталды. 1995-1996 оқу жылында жоғары кәсіптік училищенің оқу бағдарламасы экперимент ретінде басталып, төрт жылдық экономист-менеджер, фермер-бухгалтер топтары ашылып, оқушылар қабылданды.
Төрт жылдық оқу бағдарламасын аяқтаған оқушылар арнаулы орта буын мамандығын және колледж дипломын алып шығады.
1996 жылы 26.12. Ақтөбе облысы әкімінің №422 шешімімен №2 Ойыл жоғары кәсіптік училищесіне №2 Ойыл кәсіптік-техникалық лицей мәртебесі берілді.
Лицей үш жылдық оқу бағдарламасына сәйкес экономист-менеджер, фермер-қаржыгер, ерлер және әйелдер киімінің тігіншісі, автокөлік құралдарын және тракторларды техникалық күту және жөндеу шебері, кіші есепші, газбен және электрмен дәнекерлеуші, электронды есептеу машиналарының операторы, қысқа мерзімді 5 айлық «ВС» категориялы автокөлік жүргізушісі, үш айлық «Жеке аяқ киім тігу, жөндеу және байпақ басу шебері», екі айлық «Д», «Е» категориялы автокөлік жүргізушісі, үш айлық К-700, К-701 тракторларын жүргізуші, экскаватор тракторының жүргізушісі, 5 айлық «Мекен-жәй иесі», 10 айлық «Селолық құрылыс шебері», үш айлық «Жылу қазандықтарын және турбина жабдықтарын тексеруші, жүргізуші», үш айлық «Аспазшы», «Дәнекерлеуші» мамандарын даярлайды.
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі №152 қаулысының негізінде «Ақтөбе облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені басшылыққа ала отырып, Ақтөбе облысы білім басқармасының 11 маусым 2008 жылғы №116 бұйрығына сәйкес «№2 Ойыл кәсіптік-техникалық лицей» мемлекеттік мекемесінің атауы өзгертіліп, «№2 Ойыл кәсіптік лицей» мемлекеттік мекемесі болып аталды.
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 5 маусымдағы №188 қаулысымен «№2 Ойыл кәсіптік лицей» мемлекеттік мекемесі «Ойыл аграрлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына өзгерту тәсілімен қайта құрылды
Колледжде 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт», 0518000 «Есеп және аудит», 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 1513000 «Ветеринария», 1510000 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандықтары оқытылады.
2015-2016 оқу жылынан «Ветеринария» және «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандықтары бойынша облыстық білім басқармасының бұйрығымен дуалдық оқыту жүйесі енгізілді.
Колледжде студенттерге арналған 720 орындық тұрмыстық-қоғамдық корпус 1989 жылы пайдалануға берілген, сондай-ақ мәжіліс және спорт залдары, 300 орындық асхана, 70 орындық кітапхана бар.
Екі қатарлы оқу корпусы ішінде спорт залы, жалпы білім беретін пәндерге арналған 8 дәрісхана, арнаулы пәндерге арналған 14 дәрісхана, 3 зертхана, 2 лингафон кабинеті бар. 110 орындық екі жатақхана, жаңадан салынған оқу корпусы және «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында 2014 жылы күрделі жөндеуден өткен ветеринарлық кешен, 2015 жылы күрделі жөндеуден өткен ветеринарлық клиника және шеберхана бар. Дәрісханалар мен шеберханалар қазіргі заман талабына сай жасақталған.
Колледж басшылары
Клипанов Отар 1963-1964 жылдары №196 Ойыл ауылшаруашылығын механикаландыру училищесінің директоры.
Әкімов Өтеміс Ұлықпанұлы 1964-1965 жылдары №196 Ойыл ауылшаруашылығын механикаландыру училищесінің директоры.
Танкиев Шыңғыс Жомырқожаұлы 1965-1972 жылдары №196 Ойыл селолық кәсіптік-техникалық училищесінің директоры.
Жолдыбаев Байғоджа 1972-1974 жылдары №196 Ойыл селолық орта кәсіптік-техникалық училищесінің деректоры.
Сағиев Зейнолла 1974-1976 жылдары №196 Ойыл селолық орта кәсіптік-техникалық училищесінің директоры.
Бақтыгереев Ысқақ Бақтыгерейұлы 1977-1979 жылдары №196 Ойыл селолық орта кәсіптік-техникалық училищесінің директоры.
Күншашев Қанат Іздібайұлы 1979-1982 жылдары №196 Ойыл селолық орта кәсіптік-техникалық училищесінің директоры.
Бектұрғанов Бақтығали Қозыбайұлы 1984-1990 жылдары
№22 Ойыл орта кәсіптік-техникалық училищесінің директоры.
Мырзағалиев Еркін 1990-1993 жылдары №22 Ойыл орта кәсіптік-техникалық училищесінің директоры.
Займолда Ғазиз Займолдаұлы 1993-1995 жылдары №22 Ойыл орта кәсіптік-техникалық училищесінің директоры,
1995-1997 жылдары №2 Ойыл жоғарғы кәсіптік училищесінің директоры.
2003-2009 жылдары №2 Ойыл кәсіптік-техникалық лицейдің директоры.
2009-2012 жылдары «Ойыл аграрлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорын директоры.
Тұрғамбеков Орынбасар Жұмайұлы 1997-1999 жылдары №2 Ойыл кәсіптік-техникалық лицейдің директоры.
Қазыбаев Асқар Қайырғалиұлы 1999-2000 жылдары №2 Ойыл кәсіптік-техникалық лицейдің директоры.
Өткелбаев Сансызбай Өткелбайұлы 2001-2003 жылдары №2 Ойыл кәсіптік-техникалық лицейдің директоры.
Займолдин Серік Ғазизұлы 2012 жылдан бастап
МКҚК «Ойыл аграрлық колледжі» директоры.