Ойыл аудандық жастар ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен Ойыл аграрлық колледжінің Тұңғыш Президент залында Елбасының «Болашаққа бағдар - Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Рухани жаңғырудың жарқын жолы- тарихымызды ұмытпау» атты Жастар форумы өтті.
Форумға тарих пәнінің оқытушылары,колледж студенттері және мектеп оқушылары, ауданның жастары және «Замандастар» клубының жетекшісі Болаева Гулжан апай және «Ардагерлер» клубының жетекшісі Сағиданов Құбайдолла ағай қатысты.