Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналаған Ойыл аграрлық колледжінің мәжіліс залында «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» атты меркелік концерт өтті. Колледж директоры Серік Газизович құттықтап, колледждің дамуына өз үлестерін қосып жүрген студенттерді және кызметкерлерді марапаттады. Колледжге іс сапармен келген Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру орталығының меңгерушісі Жұбандықова Меруерт Күнболқызы ұжымды құттықтап, оқытушыларға Құрмет грамоталарын және Диплом табыстады. Олар: А.А.Ертлеуов, А.А.Амантаев, Г.Т.Султашева және И.Б.Сейталина. «Нұр Отан» партиясынан С.Т.Даулетқалиев студенттерге «Нұр Отан» партиясына қабылдау билеттерін ұсынды.