Б.Момышұлы атындағы «Сарбаз» жастар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық жалпы білім беретін мектептерінің жоғары класс оқушылары және кәсіптік – техникалық білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткізілген «Мерген Сарбаз- 2018» пневматикалық винтовкадан нысана көздеп ату жарысында Ойыл аграрлық колледж командасы жүлделі 3 орынға ие болды.