«Озат мектебі» өз жұмысын бастады

2018 жылдың 23 ақпан күні Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Мәшбекұлының бастамасымен Ойыл аграрлық колледж базасына Шығанақ Берсиев атындағы «Озат мектебі» өз жұмысын бастады.

Мақсаты: Шығанақ Берсиев ізбасарлар даярлау, іс –тәжірибесін зерттеу, тарату, насихаттау, тары кластерін дамыту,тарыдан мол өнім алуды қамтамасыз ету, суармалы егіншілікті дамыту, тары өсірушілердің санын көбейту, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін пайдалана отырып «Ақылды технологияны» еңгізу.