Халықаралық қыздар күні онкүндігі аясында Колледж психологы А.А.Саркенаева мен "Айкөркем" қыздар клубы жетекшісі Г.С.Ақнұржанованың ұйымдастыруымен "Адам болам десеңіз..." атты колледжішілік жалпы қыздар жиналысы өтті. Жиналыста қыздармен тренинг ойнатылып,қоғамдағы қыз бала тәрбиесінің маңыздылығы ортага салынып,талқыланды.