"Студент" шұғыл алдын-алу шарасы

Ақтөбе облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15-22 қаңтар аралығында "Студент" шұғыл алдын-алу шарасы өткізілуде. Шара барысында 16-қаңтар күні Ойыл аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, колледж әкімшілігі және топ жетекшілері колледж жатақханасында тұратын студенттердің тұрмыстық жағдайлары және олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануын бақылап, рейд жүргізді.