Қызылша(корь)-ауа тамшылары арқылы жұғатын жедел инфекциялық ауру

Вирус ағзаға тыныс жолдары ақылып еніп, кілегейлі қабатында көбейеді. Одан кейін қан арқылы бүкіл ағзаға тарап, бауырды, тамақ безін, өкпені және сүйек кемігін, яғни жілік майын зақымдайды. Дерт дендеген жағдайда ортаңғы құлақтың, өкпенің, кеңірдектің, көмекейдің, қолқаның, ми қабықтарының қабынуына, бас миының ісінуіне және қандағы тромбоциттар санының азайуының, ауыз уылуына, кератит ауруларына әкеп соқтырады. Дұрыс ем көрсетілмеген жағдайда соңы қайғылы оқиғаға душар етуі мүмкін. 


Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының мәліметі бойынша қызылша ауруы қазір әлемде дендеп тұр. Елімізде бұл аурумен ауырғандардың сырқаттану фактілері көптеп тіркелуде, оның ішінде балалардың пайызы жоғары. Есіңізде болсын, ауруды емдегеннен гөрі алдын-алу әрқашан оңай!