Ойыл аграрлық колледжі бойынша 2019-2020 оқу жылына арналган талапкерлерге кәсіптік бағдар беру жұмыстарының жұмыс жоспарына сәйкес, 31-қаңтар күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Даулетов А, колледж психологы Саркенаева А және өндірістік оқыту шебері Ақнұржанова Г Құрман орта мектебінің оқушыларымен кездесті.
Кездесу барысында Ойыл аграрлық колледжінің тыныс тіршілігі, алдағы атқарылатын ауқымды жұмыстар айтылып, кәсіптік білім берудің негізгі мақсаттары түсіндірілді. Әр уақытта білікті, жауапкершілігі бар, өз мамандығын еркін меңгерген мамандандырылған қызметкерлер дайындаумен қатар болашақта әр бір жас кез келген бәсекеге қаблетті ерекше қасиеттерге ие болу керектігіне тоқталды.