"Ақтөбе -адалдық алаңы" жобасының міндеті Ақтөбе облысында азаматтардың мемлекет билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру болып табылады. Сол себепті, Ақтөбе облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері де жобаны жүзеге асырылуына өз үлесін қосуда.