Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген бағыттарды жастар арасында насихаттау мақсатында ең үздік логотип (эмблема) байқауын жариялайды.

БАЙҚАУ!!! Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығы және Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген бағыттарды жастар арасында насихаттау мақсатында ең үздік логотип (эмблема) байқауын жариялайды.


Байқаудың мақсаты – «Жастар жылы» аясында қазақстандық қоғамды рухани жаңғыртудың идеялары мен құндылығын көрсететін қазіргі заманғы өңірдегі шығармашыл жастардың өнерін дамыту, қолдау және насихаттау.

Байқау келесідей тақырыптар бойынша өткізіледі:
- «Атқа міну мәдениеті»,
- «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», - «Аң стилі»,
- «Алтын адам»,
- «Түркі әлемінің бесігі», - «Ұлы Жібек жолы, - «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны», - «Ұлы даланың ұлы есімдері», - «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы».

Байқауға қатысатын жұмыстар 2019 жылғы 24 ақпанға дейін қабылданады. Байқауға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады және ұсынылатын жұмыстарды Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына жіберу қажет. 

Жүлдегерлер марапаттау қағазымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Байқау туралы толық мәлімет алу үшін және сұрақтар туындаған жағдайды байқаудың өткізілуіне жауапты мамандарға байланысқа шығуға болады.
- Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығы, тел: 56-78-24,
- Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универсиеті, Кәсіби-шығармашылық факультеті,