Күн тәртібінде:
1.Білім алушылармен ішкі тәртіп Ережесінің сақталуы ( мектеп формасының сақталуы, білім беру ұйымдарына алып кіруге тыйым салынған зарттарға жүргізілген рейдтердің қорытындысы). ?Баяндамашы:директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:-Ш.С.Изматова
2.Білім алушылардың қосымша біліммен қамтылуы. ?Баяндамашы: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:Ш.С.Изматова.
3.Білім беру ұйымы басшысының есебі. ?Баяндамашы:Колледж директоры С.Г.Займолдин күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз пікірлерін ортаға салып,талқылады.Кеңес мүшелерінің пікірлерін есепке ала отырып,қамкоршылық кеңес Қаулы етеді: ✔Колледж білім алушыларының формасы басты назарда болып, ішкі тәртіп Ережесінің сақталуы қадағалансын.
✔Білім беру ұйымына алып кіруге тыйым салынған заттарға рейд жұмыстарын жүргізу жалғастырылсын.
✔Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында секция, үйірме, клубтардың жұмысы күшейтілсін. Қосымша секция, үйірме жұмыстарын ашу бағытында жұмыстар жүргізілсін.
✔Колледж басшысы С.Г.Займолдиннің есебі қанағаттандырылып, есепке алынсын.
https://agrarkauil.rka.kz/novosti-kz/274-2019-zhyly-16-mamyr-k-ni-ojyl-agrarly-kolledzhinde-am-orshyly-ke-es-otyrysy-tti.html#sigFreeId0d7ee5186f