«Офлайн-арналар, ATL, BTL» тақырыбында дәріс өткізілді

«Ойыл аграрлық колледжі» МКҚК бойынша 2019 жылдың 16 қазаны күні сағат 16 10-1655 –те 1513000 «Ветеринария» мамандығы 401 топ студенттеріне «Кәсіпкерлік негіздері» факультативтік курсы пәнінің оқытушысы Ағыбаев Нұржан Қыдырбайұлының ұйымдастыруымен «Офлайн-арналар, ATL, BTL» тақырыбында «Атамекен» ҰКП Ақтөбе облыстық Ойыл аудандық филиалының директоры Бактыгереев Сабит Бакытович, «Атамекен» ҰКП Ақтөбе облыстық Ойыл аудандық филиалының бизнес тренері Жакиев Нұрзат Әбуұлының қатысуымен дәріс өткізілді.

Қатысушы қонақтар студенттерге кәсіпкерлік психологиясы, бизнес идеясын анықтау және бизнесті таңдау, маркетингтік зерттеу, бизнес-идеяны іздеудің әдістері, бизнес жоспар құру тәсілдері, ауданға қажетті бизнес түрлерін дамыту туралы мағлұматтар беріп, жастарды болашақта кәсіппен айналысуға шақырды. Қосымша видеороликтер көрсетіліп, тренинг өткізілді. Студенттер қызығушылықпен белсенді қатынасты.