Құрметті әріптестер, ата-аналар, білім алушы студенттер!

Баршаңызды береке мен бірліктің мейрамы 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
"Бірлік бар жерде-тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен - тегін айта салмаса керек.  Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. 
Елімізде достық пен бірлікті нығайту сөз жүзінде қалмай, күнделікті іс-әрекетімізде басшылыққа алынып, бүгінгі күнде көпұлтты мемлекетіміз мекендейтін халықтар достығының, бірлігінің және бейбітшіліктің символы болып табылады. 
Бұл мереке бейбітшілік пен келісімді бағалайтын барша қазақстандықтар үшін айрықша маңызға ие. Біздер басты байлығымыз саналатын бірлікті әрдайым көздің қарашығындай сақтап, нығайтуға тиіспіз.
Осы орйда, "Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі" ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен несібесі мол болмақтығын" назарда ұстаған Қазақстан халқы Ассамблеясы - еліміздегі бірліктің, келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен татулықтың құтты шаңырағы. 
Еліміздегі халықтар бірлігі жарасып, Отанымызда әрқашан бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім орнасын. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын! Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, жанұялық бақыт, игілік, табыс тілеймін! Қазақстандағы көпұлтты халықтың татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің ең басты байлық болып табылады. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысайық. Береке- бірлігіміз арта берсін, ағайын! 
Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін!
Құрметпен, Ойыл аграрлық колледжі директоры С.Г.Займолдин