Кеңесте көптеген өзекті мәселелер айтылды. Елімізде болып жатырған коронавирус инфекциясы бәрімізді алаңдатпай қоймады, дегенмен індеттің шарықтау шегінен өттік. Президент Қ.К.Тоқаев Халықтың денсаулығын қорғау, олардың табысын арттыру және бизнесін қолдау үшін көптеген шешім қабылдап, жүзеге асырды. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Сондықтан карантиндік шектеулерді жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алына бастады. Соған қарамастан көптеген саланың қызметі қалпына келе бастады. Бүгіннен бастап еліміз бойынша дүкендердің біразы ашылды, сән салондарының, білім орталықтарының, тағы басқа нысандардың қызметі қалпына келе бастады. Саябақтар ашылады.
Көптеген шектеулер алынып тасталды. Дегенмен, өзіміз үшін күнделікті өмірде сақтық шараларын қатаң ұстанып жүргеніміз дұрыс.
Займолдин Серик Газизович Ойыл аграрлық колледжінің директоры.
ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ