2020 жылдың 30 қыркүйек күні Ойыл аграрлық колледжінде «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәнінің оқытушысы Ағыбаев Нұржан Қыдырбайұлының ұйымдастыруымен ашық сабақ өтті.
Ашық сабағымыздың қонағы Батыс Қазақстан облысы Сырым колледжінің өндірістік оқыту шебері Игилманов Ерлан Ергенович қатынасты.
Сабақтың тақырыбы: Бизнестің қаржылық моделі Шығыстарды есептеу. Кассалық алшақтықтар
Сабақтың мақсаты:
-Шығындар түсінігін білу
-Стартаптың тұрақты және айнымалы шығындарын анықтай білу
-Шығынсыздық нүктесі ұғымын білу
-Өзінің стартабында кассалық алшақтықтарды болдырмау жолдарын түсіну.
Студенттер сабақта шығындардың түрлерімен , ауыспалы шығындар, тұрақты шығындар және жалпы шығындардың түсінігімен танысты.
Студенттер берілген тапсырма бойынша шығындардың тізімін жасап, өз стартапының тұрақты және ауыспалы шығындарды есептеп шығарды. Екінші тапсырма бойынша студенттерге өз стартапының шығынсыздық нүктесін есептеуге (өз стартапының минуста емес,плюсте болу үшін) тапсырма берілді.
Тапсырмалар толығымен орындалды.
Сергіту сәті ұйымдастырылып (тапсырма ретінде) ойын ойнатылды.
Қонағымызға студенттер тарапынан сұрақтар қойылып,тиісті жауаптар алынды.
https://agrarkauil.rka.kz/novosti-kz/308-biznesti-arzhyly-modeli-shy-ystardy-esepteu-kassaly-alsha-ty-tar.html#sigFreeId05465b4b83