Ағымдағы жылдың 26 қазан күні Ойыл аграрлық колледжінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жастардың бойына рухани ұлттық сана қалыптастыру, отансүйгіштік пен салт-дәстүр тақырыптарында кездесу өткізілді. Кездесуге «Нұрлы» ақпараттық кеңес беру орталығының жеке меншік мекемесінің теолог мамандары Орынбай Мәди Орынбайұлы және Құдайберген Мақсат Мұратұлы және Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мекемесінің басшысы Атағалиев Нұрлан Аманұлы және Ойыл аграрлық колледжінің ұжымымен студенттері қатынасты. Кездесу барысында жастарға Ел тұтастығын бұзатын теріс діни ағымдар жөнінде, қазіргі таңда діни сергек, сауатты болу керек екені, ғаламтордан келетін қауіп-қатер жайында, қазақтың салт-дәстүрлері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жарнамалар таратылды. Кездесу соңында студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, тиісінше толыққанды жауаптары берілді.
https://agrarkauil.rka.kz/novosti-kz/310-a-ymda-y-zhyldy-26-azan-k-ni-oi-yl-agrarly-kolledzhinde-dini-ekstremizm-men-terrorizmni-aldyn-alu-zhastardy-boi-yna-rukhani-ltty-sana-alyptastyru-otans-i-gishtik-pen-salt-d-st-r-ta-yryptarynda-kezdesu-tkizildi.html#sigFreeId12d04f7de4