Қайырымдылық - жылы жүректен

Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.
Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Қайырымдылық жасауға мемлекет тарапынан да көп көңіл бөлініп отыр. Жақсылық жасайтын жандар әрқашан және әркезде табылады. Осы орайда Ойыл ауданының жастарынан құралған @uil_rahym "Рақым" Қайырымдылық Қорының еріктілері жақсылық жасаудан еш аянбаған. Қазіргі кезде әрбір адам жылы сөзге, мейірімге мұқтаж, өзгелердің көмегіне зәру. Сондықтан да "Рақым" Қайырымдылық Қорының еріктілері колледжіміздің жатақханасында тұратын 3 студентімізге барлығы 62 000 теңге көлемінде  Аханова Лираға, Колошин Александрға және Елшин Александрға өзеріне қажетті киімдерін алып берді.
Жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» — деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.
@agrarka.uil
@life_by_zhatakhana
@uil_rakym