Бүгін, салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ұйымдастыруымен Ойыл аграрлық колледжінде қыздар арасында емхана акушеркасы Наурызбаева А.Қ., психолог Тілепбергенова А.М., СӨСҚ маманы Майлыбаева А.А. қатысуымен «Қыздардың репродуктивті денсаулығын қорғау», «Қыз –бұл болашақ ана», «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Жеке бас гигиенасы», «Суицидтің алдын алу» тақырыптарында кездесу ұйымдастырылды. Барлық қатысушыларға профилактикалық, ақпараттық оқу материалдары таратылды.