КӘСІПКЕРЛІКТІ КЕҢЕЙТУГЕ КЕҢЕС БЕРДІ

КӘСІПКЕРЛІКТІ КЕҢЕЙТУГЕ КЕҢЕС БЕРДІ

 

Бүгін ауданымызға Өңірлік кәсіпкерлік кеңесінің төрағасы Асхат Айтжанов және Ақтөбе облысы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының директоры Анар Даржанова арнайы келді. Ойыл аграрлық колледжінің материалдық-техникалық базасын аралап шықты. Кәсіби маман даярлайтын оқу орнының темірдей тәртібі мен тазалығына, материалдық-техникалық базасына қаладан келген меймандар таңдай қағып тұрып тамсанып кетті. Студенттермен кездесіп, тренинг өткізді.