«Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» дейді халық даналығы. Расымен де, өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беретін ұстаздар қашанда құрметке лайық.
Жаңа 2021 жыл қарсаңында облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және білім басқармасы бірлесіп сала ардагерлерін құттықтады. Шектеу шараларының күшейтілуіне байланысты мерекелік шара ZOOM платформасында онлайн форматта ұйымдастырылды. Ұлағатты ұстаздарды облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева мен облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Раушан Серікова құттықтап, оларға зор денсаулық, қажымас қайрат, жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен бақ-береке тіледі.
Колледж ардагері Тургамбеков Орынбасар Жумабаевичке кәсіподақ тарапынан дайындалған жаңажылдық сыйлықтар табыс етілді.
Ардагер Тургамбеков Орынбасар Жумабаевич өз тұрғысынан ризашылығын білдіріп, Ойыл аграрлық колледжінің ұжымына және кәсіподақ ұйымына алғысын айтты.
https://agrarkauil.rka.kz/novosti-kz/338-lyly-ty-basynda-staz-t-rar-dejdi-khaly-danaly-y.html#sigFreeId4c88e27cce