Құрметті студенттер және әріптестер!

Құрметті студенттер және әріптестер!


Сіздерді 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырдан астам уақыты тарихи өлшеммен салыстырғанда аз ғана уақыт болып саналғанымен, қазақ елі шежіресінің алтын жылнамасы маңызды оқиғалар мен жетістіктерге толы болды. Жас мемлекет ретінде танылған - еліміз стратегиялық жоспарларды басты бағдар етіп, саяси тұрақтылықты сақтай отыра қалыптасудың барлық қиындықтарын жеңіп, әлеуметтік - экономикалық дамудың әрі қарай жоғары қарқынды өсуіне қол жеткізді. Тәуелсіздіктің артар жүгі мол. Көздеген мақсаттарымыз бен межелеріміз ел ішіндегі ынтымақ пен бірлікті, татулықты қажет етеді. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты-азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 29 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай етіп жүрген баршаңызды Ұлық мерекемізбен құттықтаймын! Бақыттың қонуы бір бөлек, оны бағалай білудің жөні тіптен бөлек екенін естен шығармағанымыз жөн. Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, елдігімізді тұғырлы ету әрбір азаматтың борышы. Жыл өткен сайын түлеп, түрленген еліміздің егемендігі тұғырлы болғай!


Баршаңыздың дендерiңiзге саулық, отбасыларыңызға бақыт тiлеймiн. Мереке құтты болсын!