Nur Otan" партиясы Ойыл аудандық филиалының ұйымдастыруымен Сайлауды өткізудің маңыздылығы туралы бірінші орынбасар Сәкен Займолдин мен Жумин Нұрсұлтан колледж жастарымен кездесу өткізді. Кездесуде жастарды еңбекке баулу, бәсекеге қабілетті бола отырып өз әлеуетін көтеруге жұмыстар атқару керектігі айтылды. Сонымен қатар қазіргі заман талабына сай мамандықтарды меңгерe отырып, Ойыл өңірін дамытуға үлес қосудың маңыз зор екендігіне баса назар аударылды.