"Егемен елдің, Кемеңгер басшысы" атты баяндама кеші өтті

21-желтоқсан күні ҚР Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсананда жатақханада "Егемен елдің, Кемеңгер басшысы" атты баяндама кеші өтті. ҚР Тұңғыш Президент күні мерекесі  елімізде 2012 жылдан бері кең көлемде тойланып келеді. Бұл мереке Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына деген зор құрметтің белгісі.
Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991  жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық  сайлау өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет  қалыптасуының  өтпелі кезеңінде  сенімді  басшыға  өз тағдырын  тапсырған  Қазақстан халқының  жауапты  таңдауы еді.
Шын мәнінде, Елбасының  салиқалы саясатының арқасында  тәуелсіз Қазақ елі  қалыптасып, тарихымыз  түгенделіп,  тіліміз, дініміз  және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің  ұлттық рәміздері  қабылданды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан халқына берген  антын тұтастай  және толық  орындағанын  көрсетті. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі сол күні-ақ мемлекет атауын  Қазақстан Республикасы деп өзгертті. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» Қазақстан  Республикасының заңы қабылданып, осы заң негізінде  еліміз өзінің  Тәуелсіздігін жария етті. Еліміз бүгінде  бүкіл әлемге  танымал жаңа  атқа ие болды.
Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.
Осылайша, тәуелсіздікті тұғырына қондырған, елді ерлікке жеткізген Ұлт Көшбасшысы 1 желтоқсанда ел тізгінін ұстады. Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көп биікті бағындырды. Қазір мемлекетіміздің әлем елдері арасындағы абыройы уақыт санап артып келеді. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының еселі еңбегінің, көреген жасампаздығының жемісі.
#1желтоқсан
#президенткүні