24 қараша күні “Нұр Отан” партиясы Ойыл аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес, 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Президенті күні қарсаңында “Ойыл аграрлық колледжі” МКҚК-ның Президенттік залында ауған соғысының ардагері Тоқпағамбетов Абай Қаленұлы, аудандық орталық мешітінің бас имамы Нұрсұлтан Серікұлы, жастар ресурстық орталығының психологы Жумин Нұрсұлтан Нұрланұлы студенттермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттерді тәрбиелік мәні бар, білікті білімді, бәсекеге қабілетті өз ісін жетік білетін маман болуға шақырумен қатар, елінің, өз туған жерінің патриоты болуға лайықты қасиеттерді қалыптастыру бағытында кеңінен түсінік жұмыстары жүргізілді. Жиын барысында тәуелсіздік, патриоттық, тәрбиелік бағытта сұрақтар қойылып, студенттер берілген сұрақтарға толыққанды жауаптарын берді.