"Мен кіммін?" ойыны

Ақыл - парасат күші, адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді үғынуына және жақсы мен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш. Мұның бәрі сайып келгенде адамның өзін-өзі сыйлау, қүрметтеуге әкеледі. Адам өзінің бос уақытын қажетінше тиімді қылып өткізу, ертеңің үшін алға қойған мақсат мұраттарыңды қадағалауға, кеше істеген істеріңнің дұрыс немесе қате кеткен жерлеріне зейін қоюға мүмкіндік береді. Бос уақытты тиімді өткізетін адам, алдына қойған мақсат-мұратына ең алдымен өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.

 

Білімді, білікті, қоршаған ортаға немқұрайлы қарамайтын адам, өзінің бос уақытын арнайы мәдени орындарда, театр, кино, саябақтарда өткізеді. Сол сияқты жатақхана студенттерінің уақытын тиімді пайдалану мақсатында ветеринария мамандығының арнайы пән оқытушысы Тәттіғали Мейрамгүл Дәрібайқызы студенттерге "Мен кіммін?" ойынын ұйымдастырды.