ТжКБ жүйесінің жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлаудың модульдік-құзыреттілік тәсіліне көшуіне байланысты 2018 жылдан бастап «Talap» КеАҚ мемлекеттік тапсырма аясында ТжКБ мамандықтары бойынша өзектендірілген үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының кәсіптік модульдеріне арналған оқу құралдарын әзірледі.
2018-2020 жылдар аралығында кәсіптік модульдерге арналған 200 оқу құралын, біліктіліктер бойынша 131 оқу құралын әзірлеген.
Модульдерге арналған оқу құралдары қолданбалы сипатта болғандықтан, мазмұнында нақты еңбек функцияларына оқытуда теоориялық және практикалық тапсырмалар берілген.
Оқу құралдарына кол жетімділікті қамтамасыз ету үшін PDF форматында «Talap» КеАҚ интернет-ресурсында тегін жүктеуге мүмкіндік берілген.
Білім беру бейіні аясында әзірленген оқу құралдарының тізімін мына сілтемеден көруге болады: http://kasipkor.kz/?p=11046