"Қарапайымдылық,сыпайылық,инабаттылық,үлкенді сыйлау,кішіге ізет көрсету,ақылдылық,имандылық"

Қазақ атамыз әсемдіктің сұлу үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді армандаған.Нәзіктік пен өжеттілік бір бойынан табылатын қазақтың аруларына тәнті болған ақын-жазушыларымыз "Мен қазақ қыздарына қайран қалам" деп әнге қосып, тілге тиек еткені бекер емес."Қарапайымдылық,сыпайылық,инабаттылық,үлкенді сыйлау,кішіге ізет көрсету,ақылдылық,имандылық" қасиеттері қазақ қызының бойынан табылатын асыл қасиеттер.
Қыз баланың тәрбиесі,жүріс-тұрыс іс-әрекеті мен қарым-қатынасын саралай отырып,қоғамдағы ең ауыр мәселе ерте жүктілікті болдырмай,қыз баланың денсаулығы мен араласатын ортасын айтып,түсіндіріп,пікір алыса отырып, колледж психологы Сәркенаева Айдана Әбдрахманқызы "Қызым үйде,қылығы түзде..." атты колледжішілік жалпы қыздар жиналысын өткізді.Жиналысқа 1-4 курс қыз балалары мен топ жетекшілері,оқытушылар, "Айкөркем" қыздар клубының жетекшісі қатысты.
"Ерте жүктілікті болдырмау" тақырыбында колледж медбикесі Ф.С.Молдашева баяндама оқып,толықтай түсіндірме жұмысын жүргізді.