Тәуелсiздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары аясында"ЕЛ РӘМІЗДЕРІ-ТӘУЕЛСІЗДІК АЙҒАҒЫ"атты кітап көрмесі өтті

12 ақпан күні Ойыл аграрлық колледжi кітапханасында  Қазақстан Республикасы Тәуелсiздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары аясында"ЕЛ  РӘМІЗДЕРІ-ТӘУЕЛСІЗДІК АЙҒАҒЫ"атты кітап көрмесі өтті.

Көрменің мақсаты ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау,жастарға патриоттық тәрбие беру, Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру.


Көрмеге Ата заңымыз «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Елтаным», Ы.Сағынтаевтың «Қазақстан Республикасының рәміздері», Н.Назарбаевтың «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» Е.Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері» «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы»т.б мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, авторлардың өмірбаяны, егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздегі тарихи рәміздер туралы материалдары қойылды.