Ұстаздық-ұлы тұлға

 

Дусипова Айсара Тлеугалиевна

Ұстаздық-ұлы тұлға. Соның ішінде жаңа заман талабына сай ұстаздарға жүктелетін міндет ауыр. Ұстаз өзгені үйрете отырып, өзі де үйренетін, өзі үйреніп алып, өзгені үйретуге жаралған жандардың бірі Дусипова айсара Тлеугалиевна. Ол Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сарбие ауылында 1965 жылы 16 шілдеде дүниеге келген. 1982 жылы Н.К.Крупская атындағы Ойыл қазақ ортра мектебін ойдағыдай аяқтап, 1982-1984 жылдар аралығында Сарбие ауылында әр түрлі жұмыстар жасаған. 1984 жылдың қарашасында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогика институтының 1 курсына қабылданып, 1990 жылы «Математика» мамандығын «Математика және информатика» біліктілігі бойынша аяқтап шықты.

Еңбек жолын Н.К.Крупская атындағы Ойыл қазақ орта мектебінде бастап, 1995-2012 жылдар аралығында Қараой мектеп бала-бақшасында қызмет етіп, 2012 жылдан бастап, Ойыл аграрлық колледжінде информатика пәнінің оқытушысы болып қызмет атқарып келеді. Еңбегінің еленіп, ізденімпаздық, шығармашылық қабілетін жетілдіру арқасында бірнеше марапаттарға ие болған.

 Отбасында Сағынғалиев Қарасай екеуі 1 қыз, 3 ұл тәрбиелеп отырған аяулы ана.

#қажырлыеңбек

#выдающийсяуспех

#30игііс