Займолда Ғазиз Займолдаұлы

 

Займолда Ғазиз Займолдаұлы 1946 жылы 13 шілдеде Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой елді мекенінде дүниеге келген. Орта мектепті аяқтағаннан кейін А. С. Пушкин атындағы Орал мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын 1963 жылы Қараой орта мектебінде бастап, кейіннен Сапақкөл сегізжылдық мектебінде мұғалімдік қызмет атқарған. 1971-1975 жылдары Қазақстан ЛКСМ, Ойыл аудандық   комитетінің екінші хатшысы, 1975-1976 жылдары Ойыл  аудандық  партия комитетінде қызметін атқарған. 1976-1993 жылдары аралығында №22 Ойыл кәсіптік -техникалық училищесінде директордың орынбасары, 1993-1997 жылдары  атауы№2 Ойыл кәсіптік -техникалық лицейі болып өзгерген осы оқу орынында директор қызметтерін атқарған.

1997-2003 жылдары аралығында Ойыл ауданының әкімі қызметінде болып, 2003-2012 жылдар аралығында №2 Ойыл кәсіптік лицейінде, кейінен қайта құру тәсілімен өзгертілген "Ақтөбе облысы Білім басқармасы " мемлекеттік мекемесі жанындағы "Ойыл аграрлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның директоры қызметін абыройлы атқарған үлгілі ұстаз,ел құрметтер азамат бүгінде зейнет жасында.

Ойыл аграрлық колледжінде 40 жылға жуық уақыт еңбек еткен кезінде оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, болашақ мамандар даярлауға зор үлесін қосты.

Ел үшін атқарған еңбектері үшін Ғазиз Займолдаұлы әр жылдары түрлі марапаттарға ие болған.

Атап айтатын болсақ, 1974 жылы ВЛКСМ Орталық комитетінің Құрмет грамотасы,

1982 жылы кәсіптік-техникалық білім беру жөнінде СССР мемлекеттік комитетінің құрмет грамотасы,

1987 жылы "Қазақ ССР кәсіптік білім беру ісінің үздігі" төсбелгісі,

2003 жылы "Астана" медалі,

2001 жылы "Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі,

2003 жылы Ақтөбе облысы әкімінің құрмет грамотасымен, 2005 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалі,

2008 жылы Ақтөбе облысы әкімінің №511 өкімімен "Ақтөбе облысының жыл адамы-2008" атағы,

2011 жылы "Қазақстан республикасының Тәуелсіздігіне-20 жыл" медалі,

2012 жылы "Ойыл ауданының Құрметті азаматы" атағы, 

2018 жылы "Астана - 20 жыл" медалі.

Ел экономикасының қиын тұсында аудан әкімі болған Ғазиз Займолдаұлы қажырлы еңбегінің арқасында Ойыл  ауданының жай-күйінің дұрысталып, экономиканың дамуына зор үлес қосып, өскелең ұрпаққа біліммен тәрбие беру барысында атқарған еңбегі ұшан теңіз. Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде жүрген Ғазиз Займолдаұлының шәкірттері әр салада жемістіде жеңісті еңбек атқарып келеді.  Қай істеде қиындықтан қашпаған ұжымды, шәкірттерін алға бастаған, абзал ақсақал. Еңбек етудің әр адам үшін маңыздылығын жас ұрпаққа айтудан жалыққан емес. Бүгінде ұл мен қыздың, немере мен шөберенің қызығына бөленіп отырған, елге сыйлы ақсақал өз өмірінде жеткен әр табысының кілті қажырлы еңбекте деп есептейді.

#қажырлыеңбек

#выдающийсяуспех

#30игііс