Ойыл аудандық мәслихаты хатшысының өкімімен құрылған жұмысшы тобы Ойыл аграрлық колледжіне келіп, Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 наурыздағы «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысы талаптарының орындалу жағдайын қарап, осы қаулы жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізді.