Ойыл аграрлық колледж студенттері «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы мәдениет және демалыс орталығында» Ойыл аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен «Радикалды діни ұйымдардың және басқада теріс пиғылды көзқарастардан сақтану»мақсатындағы кездесуге қатысты. Кездесуге Республикалық ақпараттық- түсіндіру тобының мүшесі Еркебулан Каракулов, Ойыл аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы- Айдарбаев Муратбай, Аудандық мешітінің бас имамы- Серікұлы Нұрсұлтан қатысып, жастарды теріс ағымдардан сақ болуға шақырды.Арнайы видеороликтер көрсетілді.