2 наурыз күні Ойыл аграрлық колледжінде "Ауыл шаруашылығын механикаландыру" мамандығы түлектерінің бітіру кеші өтті.
1 наурыз Алғыс айту күні
1 наурыз Алғыс айту күніне орай "Шын жүректен алғыс айтамын" атты құттықтау акциясында ІІ-курс 204 топ "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығының студенттері ұстаздарға өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Ұйымдастырушылар:Г. С. Ақнұржанова, А. Ж. Нурмухамбетова
"Мерген ару -2019"
Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ерлігін еске алуға байланысты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылар арасында өткізілген "Мерген ару -2019" пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату жарысына Мырзағалиева Айым қатынасып, ІІІ-орынға ие болды.
Жетекшісі: Ертлеуов А.А.
"Колледжде мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру"
28-ақпан күні қазақ тілі және әдебиет пәні оқытушысы А.Шилманова "Колледжде мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру" тақырыбында колледжішілік семинар өткізді.