"Мамандығым - мақтанышым" атты сайыс өтті.
Болашақ өзін - өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен мамандыктар арасында "Мамандығым - мақтанышым" атты сайыс өтті.Нәтижесінде 1-орын "Аспаз" мамандығы, 2-орын "Техник-бағдарламашы"мамандығы, 3 - орын "Ветеринария" мамандығы иеленді.
"Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы жолдауын талқылады.
Бүгін,10-қазан күні Ойыл аграрлык колледжі ұжымы және студенттері "2018 жылдың 5- қазан күні Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақырыбындағы жолдауын талқылады.
"Адам болам десеңіз..." атты колледжішілік жалпы қыздар жиналысы өтті.
Халықаралық қыздар күні онкүндігі аясында Колледж психологы А.А.Саркенаева мен "Айкөркем" қыздар клубы жетекшісі Г.С.Ақнұржанованың ұйымдастыруымен "Адам болам десеңіз..." атты колледжішілік жалпы қыздар жиналысы өтті. Жиналыста қыздармен тренинг ойнатылып,қоғамдағы қыз бала тәрбиесінің маңыздылығы ортага салынып,талқыланды.
"Арулар аз болды ма атка конган?" тақырыбында қыздар арасында эстафеталық ойындар өткізілді.
8-қазан күні халыкқаралық қыздар күні онкүндігі аясында дене тәрбиесі оқытушысының жетекшілігімен "Арулар аз болды ма атка конган?" тақырыбында қыздар арасында эстафеталық ойындар өткізілді. Нәтижесінде 401 топ "Бірлік" командасы қыздары жеңіске жетті!
"Иманды қыз-аяулы ана" атты дөңгелек үстел өткізілді.
Халықаралық қыздар күні онкүндігінің аясында колледж психологы А.А.Саркенаеванын ұйымдастыруымен 1-4курс қыз балаларына "Иманды қыз-аяулы ана" атты дөңгелек үстел өткізілді.
Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Суликанова Шолпан Кобдабаевна Құрмет грамотасымен марапатталды.
5-қазан Ұстаздар күніне орай колледжіміздің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Суликанова Шолпан Кобдабаевна Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Ләззат Аманжолқызының Құрмет грамотасымен марапатталды.