"Ғаламтордың пайдасы мен зияны"
Жатақхана студенттері арасында "Ғаламтордың пайдасы мен зияны" атты топтық сайыс өтті. Нәтижесінде Интернет тобы І-орын, Google тобы ІІ-орынға ие болды.
18-қаңтар күні жастар мен студенттер (14-29 жас ) арасында өткен волейбол жарысы
18-қаңтар күні жастар мен студенттер (14-29 жас ) арасында өткен волейбол жарысынан Ойыл аграрлық колледжінің ер балалар командасы қатынасып, жүлделі ІІ-орынға ие болды. Команда мүшелері: Байдуллин Н, Амандықов Н, Қорқыт Д, Жұмабаев М, Алпысбай А, Болат Б, Есенбаев С, Айдынғалиев Е.
"Әдептілік - тәрбие бастауы"
"Тәрбие және білім" кіші бағдарламасы аясындағы жоспарға сәйкес 18-қаңтар күні "Әдептілік - тәрбие бастауы" атты қыздар арасында семинар тренинг өтті.
Ұйымдастырушы: Ақнұржанова Гүлбарам Сәрсенғалиқызы
17-қаңтар күні Ойыл аудандық полиция бөлімімен бірлесіп рейд жүргізді.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15-22 қаңтар аралығында "Студент" шұғыл алдын-алу шарасы өткізілуде. Шара барысында 17-қаңтар күні Ойыл аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, колледж әкімшілігі және топ жетекшілері колледж жатақханасында тұратын студенттердің тұрмыстық жағдайлары және олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануын бақылап, рейд жүргізді.
9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында, колледж базасына экскурсия ұйымдастырылып, кездесу өткізілді
Аудан мектептерінің 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында, колледж базасына экскурсия ұйымдастырылып, кездесу өткізілді. Кездесу барысында 2018 жылғы түлек Ғазиз Ә.С.,және 2013 жылғы түлек Құсайынқызы Ж -мен пікір алмасып, жарнамалар таратылып, колледж тарихымен таныстырылды.