"Студент" шұғыл алдын-алу шарасы
Ақтөбе облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15-22 қаңтар аралығында "Студент" шұғыл алдын-алу шарасы өткізілуде. Шара барысында 16-қаңтар күні Ойыл аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, колледж әкімшілігі және топ жетекшілері колледж жатақханасында тұратын студенттердің тұрмыстық жағдайлары және олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануын бақылап, рейд жүргізді.
"Тәрбие және білім" кіші бағдарламасы
"Тәрбие және білім" кіші бағдарламасы аясында жоспарға сәйкес 15-қантар күні кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында "Қылмыс және құқықбұзушылық" атты кездесу өтті. Кездесуге Ойыл аудандык полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі участкелік полиция инспекторы, полиция капитаны Тулегенов Жаксыбек Пазылбекулы қатысты.
Ұйымдастырушы:Сәркенаева Айдана Әбдрахманқызы
"Мамандықтың бәрі-маңызды"
"Тәрбие және білім" кіші бағдарламасы аясында жоспарға сәйкес 14-қаңтар күні "Мамандықтың бәрі-маңызды" атты "Ветеринария" мамандығы бойынша өндірістік оқыту тәжірибелік сабағы өтті.
Колледж басшысы жане дирекция мушелери туыстарының үйінде жататын колледж студенттерін аралап, кездесу жургiздi.
Колледж басшысы жане дирекция мушелери туыстарының үйінде жататын колледж студенттерін аралап,ағайындарымен жуздесiп, турмыс жагдайларымен танысып, тəртіп жөнінде қосымша кеңестер айтылып,кездесу жургiздi.
"Қысқы футбол" ойыны
Студенттердің демалыс күнгі уақытын тиімді пайдалану мақсатында 13-қаңтар күні 1-4курс студенттері арасында "Қысқы футбол" ойыны өткізілді.
"1001 мақал, 101жұмбақ" интеллектуалдық ойыны
12-қаңтар күні жатақхана студенттері арасында "1001 мақал, 101жұмбақ" интеллектуалдық ойыны өткізілді. Нәтижесінде Тарлан тобы І-орын, Жастар тобы ІІ-орын, Жігер тобы ІІІ-орынды иеленді.