Кеңес Одағы батыры И. Білтабановтың құрметіне арналған білім алушылары арасында өткен волейбол жарысы
Қобда көпсалалы колледжінде Кеңес Одағы батыры И. Білтабановтың құрметіне арналған білім алушылары арасында өткен волейбол жарысына Ойыл аграрлық колледжі командасы қатынасып ІІІ-орынға ие болды. Жоғары дәрежеде ойын көрсеткені үшін Жұмабаев Медетхан "Үздік қорғаушы" номинациясымен марапатталды.
Қызылша(корь)-ауа тамшылары арқылы жұғатын жедел инфекциялық ауру
Вирус ағзаға тыныс жолдары ақылып еніп, кілегейлі қабатында көбейеді. Одан кейін қан арқылы бүкіл ағзаға тарап, бауырды, тамақ безін, өкпені және сүйек кемігін, яғни жілік майын зақымдайды. Дерт дендеген жағдайда ортаңғы құлақтың, өкпенің, кеңірдектің, көмекейдің, қолқаның, ми қабықтарының қабынуына, бас миының ісінуіне және қандағы тромбоциттар санының азайуының, ауыз уылуына, кератит ауруларына әкеп соқтырады. Дұрыс ем көрсетілмеген жағдайда соңы қайғылы оқиғаға душар етуі мүмкін.
2019 жыл -Жастар жылы
Жаңа 2019 жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өткен жылғы 5-қазандағы Жолдауында оны -Жастар жылы деп жариялаған болатын. Президент жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды.
"Жастар жылының" салтанатты ашылуы
Ойыл аграрлык колледжі жастары және Ойыл ауданының белсенді жастары Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткен "Жастар жылының" салтанатты ашылуын тікелей эфирден тамашалады.
22-қаңтар күні колледж директоры С. Г. Займолдин Екпетал мектеп балабақшасының ұжымымен кездесті.
Ойыл аграрлық колледжі бойынша 2019-2020 оқу жылына арналган талапкерлерге кәсіптік бағдар беру жұмыстарының жұмыс жоспарына сәйкес, 22-қаңтар күні колледж директоры С. Г. Займолдин, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. О. Даулетов және өндірістік оқыту шебері Н. Жүсіп Екпетал мектеп балабақшасының ұжымымен кездесті.
15-22 қаңтар аралығында "Студент" шұғыл алдын-алу шарасы өткізілуде
Ақтөбе облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15-22 қаңтар аралығында "Студент" шұғыл алдын-алу шарасы өткізілуде. Шара барысында 19-қаңтар күні Ойыл аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, колледж әкімшілігі және топ жетекшілері колледж жатақханасында тұратын студенттердің тұрмыстық жағдайлары және олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануын бақылап, рейд жүргізді.