«БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ»
Ойыл аргарлық колледжінде «Айкөркем» қыздар клубының ұйымдастырумен топ аралық «БЕРЕКЕЛІ АЛТЫН КҮЗ» байқауы өтті.
Байқау барысында Әр топ АЛТЫН КҮЗ берекесімен КҮЗ кереметін ұсынып, таныстырып өтті.
«Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік»
Жатақхана студенттері және тәрбиеші Мансия Амантурлықызының ұйымдастырумен «Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік» -атты танымдық кеш өтті. Кеш барысында сайыс ұйымдастырылып, белсенділікпен қатысқан студенттерге Алғыс хаттар ұсынылды.
«Ветеринария»
«Ветеринария» мамандығының арнаулы пән оқытушыларының ұйымдастырумен апталық өтті. Колледждің Жас маманы Орынбасаров Шүкір Калаубайұлының білім алушылар арасында «Эрудит» интеллектуальды сайысы ұйымдастырылды. Белсенділік танытқан студенттер марапатталды.
«Модульді оқытудың ерекшеліктері»
«Кәсіпқор» Холдинг коммерциялық емес ұйымы акционерлік қоғамы, Кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастырумен «Модульді оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында Колледждің арнаулы пән оқытушылары Махмутова Ұлпан Серікқызы және Ағыбаев Нұржан Қыдырбайұлы біліктілік арттыру курсын оқыды. Арнайы сертификаттарға ие болды.
«Кәсіпқор»
«Кәсіпқор» Холдинг коммерциялық емес ұйымы акционерлік қоғамы, Кәсіптік білім беру орталығының «КЛИЛ» әдістемесі бойынша Колледждің өңдірістік оқыту шеберлері Ақнұржанова Гулбарам Сәрсенғалиқызы және Сұлташева Гүлжанар Тендибаевна біліктілік арттыру курсын оқыды. Арнайы сертификаттарға ие боды.
«Байғанин оқулары»
Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы , Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастырумен Халық ақыны, айтыскер, жырау Нұрпейіс Байғаниннің шығармашылығына арналған «Байғанин оқулары» облыстық көркем сөз оқу сайысына Ойыл аграрлық колледждің 1 курс студенті Займолдин Елеусин Сакенұлы қатысып, 3 орынға ие болды. Құттықтаймыз.