«Болашаққа бағдар - Рухани жаңғыру»
Ойыл аудандық жастар ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен Ойыл аграрлық колледжінің Тұңғыш Президент залында Елбасының «Болашаққа бағдар - Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Рухани жаңғырудың жарқын жолы- тарихымызды ұмытпау» атты Жастар форумы өтті.
«Ірі қараның ұрықтануы және даму сатысы»
«Ветериария» мамандығының апталығы аясында арнаулы пән оқытушысы Сағиданов Медет Құбайдоллаұлының ұйымдастыруымен «Ветеринария» мамандығының жоғары курс студенттеріне «Ірі қараның ұрықтануы және даму сатысы» туралы видеоролик көрсетілді.
«Күзгі бал»
Тәрбиеші Ажибаева Мансия Амантурлықызының ұйымдастыруымен жатақхана студенттері арасында «Күзгі бал» сайысы өтті. Сайысқа 5 жұп қатысты. «Күз ханзадасы»- Қошқаров Айбек, «Күз ханшайымы»- Еділманова Жұлдыз атанды. Белсенділікпен қатысқан жұптар Алғыс хаттармен марапатталды.
Спартакиада
ХVІІІ облыстық спатакадиада бағдарламасына сәйкес колледж білім алушылар арасында гір спортынан жарыс өтті. Колледжімізден студенттер қатысты. Нәтижесінде : Қыздар құрама командасы (Ибрашева, Толегенова,Бөрібай,Аханова) - 3 орынға ие болды. Жекелей Аханова Гүлдария- 2 орын, Бөрібай Жангүл- 3 орын, Ибрашева Мейрамгул- 3 орынга ие болды. Ер балдар арасында 4курс студенті Бектурғанов Сәбит- 2 орынға ие болды. Жетекшісі: Байдуллин Нуркен Жанбырбайұлы Құттықтаймыз.
«Жігерлі жас»
Ойыл аудандық ішкі саясат бөлімі және «Жігерлі жас» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасынң Қарулы күштерінің 25 жылдығына орай аудандық «Жас патриот» атты әскери патриоттық әндер байқауы өтті.Байқауға колледж студенттері қатысты.