«Жол қозғалыс қауіпсіздігін сақтайық»
Ақтөбе облысытық білім басқармасы Ақтөбе облысы ішкі істердепартаментінің жергілікті полиция қызметі «Жол қозғалысының қауіпсіздік апталығы» аясында Ойыл аграрлық колледжінде Арнаулы пән оқытушылары Оразова және Мамбаеваның ұйымдастырумен «Жол қозғалыс қауіпсіздігін сақтайық» атты апталықта колледж студенттерімен Ойыл аудандық ІІД қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында «Өз өміріңді бағай біл» атты видеоролик көрсетілді. Студенттердің сурақтарына Ойыл аудандық ІІД қызметкерлері жауап берді.
«Электронды үкімет»
Арнаулы пән оқытушылары Айсара Тлеуғалиевна және Нұржан Қыдырбайұлының ұйымдастыруымен 1403000- "Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету" мамандығының №301 топ студенттеріне «Электронды үкімет» портальмен жұмыс жасау дағдысымен электрондық түрде алу әдісін үйрету сабағы өтті.
«Туған жерім-Нұрлы елім»
«Туған жерге тағызым» акциясы негізінде Саралжын округтік Ауыл күні «Туған жерім- Нұрлы елім» атты мерекелік іс шара аясында спорт ардагері Кабекешовке арналған аудандық волейбол турниріне Колледж құрама командасы қатысып жүлделі – 3- орынға ие болды. Құттықтаймыз.
«Байдың балалары»
Тәрбиеші Мансия Амантурлықызының уйымдастырумен жатақхана студенттері арасында «КВН» ойындары өтті. «Байдың балалары » командасы Чемпион болды. Құттықтаймыз.
«Қызы батыр ел-ұлы ел»
Ш.Бекмуханбетов атындағы мектеп-гимназиясында «Қызы батыр ел- ұлы ел» атты аудандық әскери – қолданбалы спорт жарысына колледж командасы қатысып, жоғары көрсеткішке ие болды.
«Жасыл ел»
Ақтөбе облысы бойынша «Жас Отан » Қоры Корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Ойыл ауданының жастары арасында студенттік құрылыс жіне «Жасыл ел » жасағында ерекше белсенділік танытқан колледж студенттері марапатталып, сыйлықтарға ие болды.