Ойыл аграрлық колледжінің Тұңғыш Президент залында Ойыл аудандық аурухана дәрігерлерімен колледж студенттерінің кездесуі өтті
Ойыл аграрлық колледжінің Тұңғыш Президент залында Ойыл аудандық аурухана дәрігерлерімен колледж студенттерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында аурухана дәрігерлері студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға және адам денсаулығына зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Арнайы видео роликтер көрсетіліп, брашуралар таратылды.
«Модульді оқыту ерекшеліктері»
Ойыл аграрлық колледжінің әдістемелік кабинетінде арнаулы пән оқытушысы Махмутова Улпан Серікқызы және өңдірістік оқыту шебері Ақнұржанова Гүлбарам Сәрсенғалиқызының ұйымдастырумен «Модульді оқыту ерекшеліктері» атты семинар өтті. Семинарға колледж оқытушылары қатысты.
«Жырдың нұры - Нұрпейіс»
Ойыл аудандық тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Жырдың нұры- Нұрпейіс» атты аудандық байқауында жоғары дәрежеде белсенділік танытқаны үшін колледждің 1курс студенті Займолдин Елеусін Сакенұлы Бас жүлдеге ие болды.
«Хакім Абай»
Ойыл аудандық тілдерді дамыту орталығының ұйымдастырумен «Хакім Абай» оқуларында колледж студенті Қайыржанова Рамина Қайратқызы қатысып, 1орын иеленді