«Жаяу жүргіншілердің міндеттері»
17 сәуір күні Ойыл аграрлық колледжінде 1510000- «Ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандығының апталығы аясында Арнаулы пән оқытушысы М.Оразованың ұйымдастыруымен «Жаяу жүргіншілердің міндеттері» тақырыбында алғашқы медициналық көмек көрсету жолдары баяндалды.
«Жігер» бозбала клубының ұлдар жиыны
17 сәуір күні Ойыл аграрлық колледжінде «Жігер» бозбала клубының ұйымдастырумен ұлдар жиыны өтті. Жиын барысында Ойыл аудандық орталық ауруханасының «Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінен» А. Майлыбаева студенттерге «Шылымқорлықтан бас тарту сенің қолыңнан келеді!» тақырыбында тренинг өткізді.
«Жарқын жастық шақ» атты концерті
Облыс әкімі Бердібек Машбекұлының бастамасы мен «Бақытты бала » жоба аясында «Айкөркем» қыздар клубы және 2-3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Жарқын жастық шақ» атты концерттік бағдарламасы өтті.
«Жасөспірім және заң »
13 сәуір күні Ойыл аграрлық колледжінде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Жасөспірім және заң » атты интеллектуалды ойыны өтті.
«Ветеринария» мамандығының 1 курс студенттеріне өткізген ашық сабағы
12 сәуір күні Ойыл аграрлық колледжінде математика пәнінің оқытушы Нурмухамбетова Ания Жумагалиевнаның «Ветеринария» мамандығының 1 курс студенттеріне өткізген ашық сабағы.
«Титриметриялық анализдеу»
12 сәуір күні Ойыл аграрлық колледжінің химия пәнінің оқытушысы Альбина Нұрланқызының «Ветеринария» мамандығының 2 курс студенттеріне «Аналитикалық химия» пәнінен «Титриметриялық анализдеу» тақырыбында ағылшын- қазақ тілінде ашық сабағы өтті.