«Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік»
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналаған Ойыл аграрлық колледжінің мәжіліс залында «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» атты меркелік концерт өтті. Колледж директоры Серік Газизович құттықтап, колледждің дамуына өз үлестерін қосып жүрген студенттерді және кызметкерлерді марапаттады. Колледжге іс сапармен келген Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру орталығының меңгерушісі Жұбандықова Меруерт Күнболқызы ұжымды құттықтап, оқытушыларға Құрмет грамоталарын және Диплом табыстады. Олар: А.А.Ертлеуов, А.А.Амантаев, Г.Т.Султашева және И.Б.Сейталина. «Нұр Отан» партиясынан С.Т.Даулетқалиев студенттерге «Нұр Отан» партиясына қабылдау билеттерін ұсынды.
«Тәуелсіздік - Тұғырым»
Колледж жатақхана тәрбиешісі Мансия Амантурлықызының ұйымдастырумен жатақхана студенттері арасында «Тәуелсіздік - Тұғырым» атты танымдық кеші өтті. Кеш барысында Тәуелсіздік шежіресі баяндалып, белсенді студенттер көрініс қойды.
«Тәуелсізке сый»
«Тәуелсізке сый» колледж студенті Амандық Қарабаловтың шығармашылығынан....
«Нұр Отан»
«Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалында Қ.Р Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев «Үздік бастауыш партия ұйымдарын» марапаттады. «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалы Ойыл аграрлық колледжінде орналасқан «Көкжар БПҰ» ІІ орынға ие болды. Төрайымы: Шолпан Серікбаевна
















