«Мен өмірге қажетпін» атты студенттерге психологиялық тренинг
Ойыл аграрлық колледжінде өткен «Бүкіл әлем мен үшін» апталық аясында Ж.Б.Тумышеваның ұйымдастыруымен «Мен өмірге қажетпін» атты студенттерге психологиялық тренинг өтті.
Қарасаев Мейірбекті құттықтаймыз!
Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 21 жастағы ойыншылар арасында жекелей облысытық «блиц» чемпионатында тоғызқұмалақтан 1 орынға ие болған Ойыл агаралық колледжінің 1 курс студенті Қарасаев Мейірбекті құттықтаймыз!
«Жасөспірім – Заң- Қауіпсіздік» атты Республикалық акция
Ойыл аграрлық колледж студенттері Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында облыс аумағында ағымдағы жылдың 19-24 ақпан аралығында «Жасөспірім – Заң- Қауіпсіздік» атты Республикалық акция барысында Ойыл аудандық соптен аудандық ішкі істер бөлімі мекемесіне экскурсияға барды.
«Ветеринария» мамандығының студенттеріне «Бруцеллез» тақырыбында дәріс
Ойыл ауданына іс – сапармен келген Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университетінің биотехнология зертханасының менгерушісі, профессор Гайса Абсатиров Гарапович Ойыл аграрлық колледж інің материалдық- техникалық базасымен танысып, «Ветеринария» мамандығының студенттеріне «Бруцеллез» тақырыбында дәріс оқыды.
«Озат мектебі» жұмысы
2018 жылдың 23 ақпан күні Ақтөбе облысының әкімдері, басқарма басшылары, Ойыл ауданына іс – сапары негізіінде ойыл аграрлық колледжіннің жұмысы және материалдық техникалық базасын, ветеринарлық клиникасын, асыл тұқымды малдар көрмесін аралап, Ш.Берсиев атындағы «Озат мектебі» жұмысымен танысты.
«Озат мектебі» өз жұмысын бастады
2018 жылдың 23 ақпан күні Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Мәшбекұлының бастамасымен Ойыл аграрлық колледж базасына Шығанақ Берсиев атындағы «Озат мектебі» өз жұмысын бастады.
















