«Мерген Сарбаз- 2018»
Б.Момышұлы атындағы «Сарбаз» жастар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық жалпы білім беретін мектептерінің жоғары класс оқушылары және кәсіптік – техникалық білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткізілген «Мерген Сарбаз- 2018» пневматикалық винтовкадан нысана көздеп ату жарысында Ойыл аграрлық колледж командасы жүлделі 3 орынға ие болды.
Ойыл аграрлық колледжінде кәсіби бағдар жүргізу мақсатында «Болашақ бүгіннен басталады» атты кездесу өтті
Ойыл аграрлық колледжінде кәсіби бағдар жүргізу мақсатында «Болашақ бүгіннен басталады» атты кездесу өтті. Кездесуге Ойыл аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Айдарбаев, Ойыл аудандық Жастар ресурстық орталықтың уақытша міндетін атқарушы Д.Изгарина, «Ойыл » қоғамдық- саяси газетінің редакторы С.Қойбағаров және колледжді бітірген түлектер, мектеп оқушылары , жас мамандар, ардагер ұстаздар қатысты.
Ойыл ауданына іс- сапармен келген Облыстық білім басшысы Оразбаева Ляззат Аманжоловна 55 жылдық тарихы бар білім ордасы ойыл аграрлық колледжінде болды.
Колледждің материалдық – техникалық базасымен танысып, жатақхана студенттерімен кездесті.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарыныңоқытушылары арасында өткен облыстық спартакиада бағдарламасындағы волейбол жарысында белсенді қатысқан Ойыл аграрлық колледж командасы 2 орынға ие болды.
Спартакиада бағдарламасындағы шаңғы жарысында жүлделі 1 орынмен колледж оқытушысы Курманкулова Сәкле Каблаевна ие болды.
Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай жастар мен студенттер арасында ұйымдастырылған спорттық жарыстан Ойыл аграрлық колледж қамандасы қатысып жоғары көрсеткіштере ие болды.
1. Шахмат жарысынан: Бисенқұл Орынгүл- 3 орын
Тәттіғали Зару- 2 орын
Таңжарбай Жасұлан-3 орын
«Жастық! Жігер! Жаңғыру!»
Ойыл аудандық мәдениет үйінде «Жастық! Жігер! Жаңғыру!» атты кеңейтілген жиында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан зор үлесі үшін қоғамдық шараларда белсенділік танытқан үшін Ойыл аграрлық колледжінің тарих пәні мұғалімі И.Б.Сейталина Ойыл ауданының әкімі Б.Б Күзембаеваның Алғыс хатына ие болды.
















