«Гиперссылканың жасалу жолдары»
«Есептеу техникасы және бағдарламасымен қамтамасыз ету» мамандығының апталығында №301 студенті Садыкова Гулнара Жасулановнаның колледж оқытушыларына «Гиперссылканың жасалу жолдары» атты колледжішілік семинар өткізді.
1-желтоқсан «Дүние жүзілік ЖИТС-ке қарсы күні!»
Колледжде «ЖИТС - ғасыр дерті» атты Ойыл аудандық орталық ауруханасының «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» кабинетінің маманы Айгүл Алпысбайқызымен кездесу өтті. Студенттерге видеороликтер көрсетілді. Студенттер қабырға газеттерін қорғап, «Болашаққа қадам» ұранымен флешмоб биледі.
«Елбасы жолы»
1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған Ойыл аграрлық колледж жатақхана студенттері тәрбиеші Мансия Амантурлықызының ұйымдастыруымен «Елбасы жолы» атты танымдық кеш өтті. Кеш барысында Елбасының өмірі баяндалып, «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі көрсетілді.
«Электрондық үкімет egov.kz»
Ойыл аграрлық колледж базасында Халыққа қызмет көрсету орталығының құжаттарды қабылдау жөніндегі маманы Қонысбайұлы Мейірлан колледж оқытушыларына «Электрондық үкімет egov.kz» сайтын насихаттау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
1 –желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні
1 –желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған Ойыл аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік шарада ауданның қоғамдық, саяси – мәдени шараларына белсенді қатысып, зор үлес қосқаны үшін Ойыл ауданының әкімі Бұлбұл Бисембайқызы Алғыс хатпен Ойыл аграрлық колледж директоры Серік Газизовичті марапаттады. Колледжіміздің белсенді студенті Әділет Серікұлына «Нұр Отан» партиясының билеті табысталды.
Мәдени-спорттық шара
1 –желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған Ойыл аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мәдени-спорттық шарада колледж ұжымы қатысты. Ұлттық спорт түрі күрестен өткен жарыста:
















