Демеушілерге алғыс білдіреміз
Тәуелсіздік мерекесіне орай Ойыл ауданының шаруа қожалықтары және әлеуметтік серіктестіктер Ойыл аграрлық колледжіне демеушілік көрсетті. «Балтас» шаруа қожалығы- Ж. Серікбай-1 жылқы малы, «Нұрасыл» шаруа қожалығы А.Өмірғали- 4 қой малы, «Идеят» шаруа қожалығы Т. Идеятов – 1 қой малы, «Толғанай» шаруа қожалығы Ұ.Шыңбаев – 2 қой малы, «Әділет» шаруа қожалығы Ә. Ғазиз- 1 ірі қара малы. Демеушілерге алғыс білдіреміз.
«Мейірімді іс» акция
«Мейірімді іс» акция негізінде Ойыл аграрлық колледж ұжымының қолдауымен қамқорлықтағы түлегіміз Амантұрлы Жұмажанұлына және колледж қызметкерлеріне арнап үй салынуда. Демеуші болып, қол көмектерін берген азаматтарға алғысымыз шексіз. 1990 жылғы «дәнекерлеуші» мамандығының түлегі М.Айдаров, «слесарь» мамандығының студенттері: Н.Өскенбаев, И.Раушанов, А.Сисенғалиев және колледж ұжымы.
«Адам және заң»
Ойыл аграрлық колледж жатақхана тәрбиешісі Мансия Амантурлықызының ұйымдастыруымен «Адам және заң» атты пікірталас өтті.
«Қашықтықтан оқыту технологиясы»
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында, «Есептеу техникасы және бағдарламасымен қамтамасыз ету» мамандығының апталығында «Қашықтықтан оқыту технологиясы» тақырыбында колледж студенттерінің семинары өтті. Белсенділіпен қатысқан студенттер марапатталды.
«Жұлдызды жұп»
«Есептеу техникасы және бағдарламасымен қамтамасыз ету» мамандығының апталық аясында колледж студенттері арасында «Жұлдызды жұп» интеллектуалды сайыс өтті.
85 жылдық мерейтой
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технология колледжінің 85 жылдық мерейтойы қарсаңында колледж оқытушылары арасында Облыстық волейбол турнирінде Ойыл аграрлық колледж командасы 3 орынмен марапатталды.
















